• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2014

Еуропа чемпионатына қатысатындардың тізімі жасалды

366 рет
көрсетілді

Жақында 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті.  Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Шарада 53 елдің ұлттық құрамасы 9 топқа бөлініп, қарсыластарын анықтады.Жеребенің қорытындысы бойынша 8 топта 6 құрама, 1 топта 5 елдің командасы өнер көрсететіні белгілі болды. Енді іріктеудің жаңа шартына сәйкес әр топтан алғашқы екі орынды алған құрамалар тікелей Еуро додасына жолдама алады. Сондай-ақ, өз топтарында үшінші орынды иеленіп, жоғары ұпай алған командалар да Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал қалған үшінші орын иеленген 8 ел өзара мықтыны анықтайтын болады. Жалпы, Еуро жарысына 24 елдің ұлттық құрамасы қатысады. Ескерте кететін нәрсе, Франция алаң иесі ретінде іріктеуге қатыспайды. Ал қалған құрамалар мынадай топтарға бөлінді: «А» тобы. Голландия, Қазақстан, Исландия, Латвия, Түркия, Чехия. «В»тобы. Босния және Герцеговина, Андорра, Кипр, Уэльс, Израиль, Бельгия. «С»тобы. Испания, Люксембург, Македония, Беларусь, Словакия, Украина. «D»тобы. Германия, Гибралтар, Грузия, Шотландия, Польша, Ирландия «Е»тобы. Англия, Сан-Марино, Литва, Эстония, Словения,Швейцария. «Ғ»тобы. Грекия, Фарераралы, Солтүстік Ирландия, Финляндия, Румыния, Венгрия. «G» тобы. Ресей, Лихтенштейн,Молдаова, Черногория, Австрия, Швеция. «Н» тобы. Италия, Мальта, Әзербайжан, Армения, Норвегия, Хорватия. «I» тобы. Португалия, Албания, Болгария, Сербия, Дания. Дастан Кенжалин. Дереккөз: www.kff.kz. Фото: www.kff.kz.
Соңғы жаңалықтар