• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 01 Желтоқсан, 2021

Екі жүлде – «егемендіктерде»

299 рет
көрсетілді

Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған Әдеби жыл қорытындысы аясында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы тапсырылды. Поэзия жанры бойынша сыйлықты «Армантау» поэзиялық кітабы үшін «Egemen Qazaqstan» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Қазбек Құттымұратұлы иеленді.

Сондай-ақ аталған сыйлық Ба­лалар әдебиеті бойынша Ділдар Ма­мырбаеваға («Бала. Робот. Вирус» атты балаларға арналған кіта­бы үшін), Пер­небай Дүйсенбинге («Жұм­бақ жұлдыз сәулесі», «Бал дәу­­реннің бұлтсыз ас­паны» атты 2 том шығармалар жи­нағы үшін), Поэзия жанры бойынша Светқали Нұржанға («Жұлдыздардың жұпары» поэзиялық кітабы үшін), Са­быр Адайға («Нәзира» поэзиялық кітабы үшін), Қуат Қайранбаевқа («Көңілдің қоңырауы» поэзиялық кітабы үшін), Пр­оза жанры бойынша Құлтөлеу Мұқашқа («Салбурын» прозалық кітабы үшін), Дидар Амантайға («Борхестің кітабы» шығармалар жинағы үшін), Тұр­сынхан Зекенұлына («Аттила» тарихи романы үшін) тапсырылды.

Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіз елдің тілі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми­нистр­лігінің Тіл саясаты комитеті ұйым­­­дас­тырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсы мәресіне жетіп, «Үздік мақала» номинациясы бойынша 3-орынды «Айқын» газетінің тілшісі Абылайхан Жұмаш, 2-орынды «Egemen Qazaqstan» газетінің жур­налисі Думан Анаш, ал 1-орынды «Солтүстік Қазақстан» газе­тінің тілшісі Ақмарал Есдәулетова ие­ленді. Айта кетейік, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына төрт номинация бойынша 131 журналис­тен 300-ге жуық материал келіп түскен. Бас жүлде «Түркістан» газетінің тілшісі Әлия Тілеужанқызына берілді.