• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2014

Бангкокте көлік қозғалысы қалпына келтірілді

217 рет
көрсетілді

Бангкок билігі қаладағы көлік қозғалысын қалпына келтірді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Оппозицияның «Бангкокты жабайық» атты іс-шарасы 49 күнге созылды. Оның барысында оппозиционерлер қаладағы ірі көшелерді бөгеп тастаған болатын. Бүгін көше қиылыстарындағы баррикадалар түгел алынып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Ереуілшілер енді Бангкоктағы Люмпини саябағына қарай ығысты. Бір тәулік ішінде мұнда ондаған шатыр орнатылды. Онда наразылық акциясына қажетті құрал-жабдықтар сатылып, оппозиционерлерге тамақ әзірленуде. Тіпті, митингтен шаршап келген ереуілшілерге арналған массаж салондары да бар көрінеді. Ал Бангкоктың солтүстігіндегі Чаенг Ваттана ауданындағы наразы топ бұларға қосылуды ұйғармады. Дегенмен, олар да көлік қозғалысын қалпына келтіру мақсатында көшедегі бөгеттерін алып тастап, аудандағы мемлекеттік қызметкерлерге өз жұмыстарына оралуға мүмкіндік берген екен. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: Itar-tass.com.