• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Желтоқсан, 2021

Ақтауда жаңа салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты

311 рет
көрсетілді

1 желтоқсанда Ақтаудың 34-шағынауданында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпарат бойынша, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің алды жанған. Өрт сөндіруге 15 өртсөндіруші мен алты арнайы техника жұмылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Мереке күніне қарамастан, ТЖД-ның барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызметке оралды. Гарнизонның жеке құрамы толық жауынгерлік әзірлікте, сондай-ақ, төтенше жағдайды жоюға дайын»,  деп мәлімдеді ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.