Алтай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жыл сайынғы жастар форумы өтті. Форумда аудан жастарының арасынан шыққан үздіктері марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Алтай ауданынында алғыр да білімді, дарынды да талантты жастар көп. Бүгінгі форумда ауданның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға лайықты үлес қосқан үміткерлердің есімдері аталды. Әрқайсысын аудан әкімі Жанна Асқарқызы құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Жылдың жастар көшбасшысы» номинациясымен оқу үздігі, Мәскеудегі Кремльдегі халықаралық қайырымдылық кадет балының қатысушысы Дарья Токарева марапатталды.
«Жылдың жас кеншісі» номинациясы машинист, волонтер, жастар кеңесінің мүшесі Қанат Қашқымбаевқа бұйырды. Ал «жылдың жас медицина қызметкері» номинациясы Роман Тлеуленовке, «жылдың жас педагогы» Әділжан Қадылбековке берілді. Жыл көлемінде құқық қорғау қызметкерлері де назардан тыс қалған жоқ. «Жылдың жас полицейі» номинациясына Алтай ауданы полиция бөлімінің кинологиялық қызмет тобының кіші инспекторы, кіші полиция сержанты Сергей Куцев лайықты деп табылды.
Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер», «Жас шығармашылық қызметкер», «Жылдың жас еріктісі», «Жылдың жас құтқарушысы» «Жылдың жас спортшысы», «Жылдың Студенттік көшбасшысы» сынды номинация иелері де марапатталды.
Ауданда абыройлы марапатқа ие болып жатқан жас үздіктер аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.