• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Желтоқсан, 2021

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

273 рет
көрсетілді

Қазгидромет 2 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына баланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

2 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Шымкент қаласында 2 желтоқсанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласы тәуліктің екінші жартысында көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батыс жартысында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болжанады.

Ақмола облысында солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, ортасында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.