• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Желтоқсан, 2021

Рақымшылық – заңды бұзғандарға мемлекеттің білдірген сенімі – М.Әшімбаев

397 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты Парламент Рақымшылық туралы заң қабылдағаны белгілі. Аталған заңға қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған маңызды заңды қабылдадық. Рақымшылық – бұл гуманизм актісі, заңды бұзған адамдарға қатысты мемлекеттің ізгі ниеті мен білдірген сенімі. Ол ардагерлерге, кәмелет жасына толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, бірінші әрі екінші топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне аса қатер төндірмейтін адамдарға қатысты қолданылады», деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, қабылданған заң неғұрлым қауіпті қылмысқа барған адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салады.

«Алдағы уақытта бұл құжат заң бұзған адамдарға бұрын жасаған қателіктерін қайталамай, жаңа өмір бастауына мүмкіндік береді деп сенеміз», деді Сенат төрағасы.

Өз кезегінде сенатор Сәуле Айтпаева заң рақымшылық жасауды қолданудың шарттары мен тәртібін, оны енгізу күнінен бастап 6 ай ішінде оны орындау жөніндегі мерзімдерді көздейтінін, сондай-ақ Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың тиісті шараларды іске асыру, оның ішінде босатылатын адамдарды орналастыру, жұмысқа орналастыру, емдеу, оларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету жөніндегі құзыретін бекітетінін айтты.

«Қылмыстық кодекстің 78-бабында рақымшылық жасау актісін қабылдаудың және оны тарату шеңберінің жалпы өлшемдері айқындалған. Заң жобасы Қылмыстық кодекстің ережелеріне толық сәйкес келеді. Ол рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар тобын айқындайтын тізбе белгіленеді», деді Сәуле Айтпаева.

Заң жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:

Сотталған адамдарды жазадан босатуға байланысты түрмеде отырғандарды азайту; Пробациялық бақылаудағы сотталғандар санын азайту; Әлеуметтік осал адамдар санатындағы және залалды өтеген сотталғандарға жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімдерін қысқарту; Қылмыстық істерді тоқтату және қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарды, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік осал адамдарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату.