• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 02 Желтоқсан, 2021

Шымкентте клиникалық аурухана тағы бір томография кабинетімен толықты

327 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханада компьютерлік томография кабинеті ашылып, жаңа құрылғымен жабдықталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңадан ашылған томография кабинетін аралап көрген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов инсульт салдарынан болатын өлім-жітім санын азайту үшін диагностикалауда құрылғының маңызы зор екенін айтты.     Бүгінде қаланың 22 медициналық мекемесінде компьютерлік томография кабинеттері бар. Мұндай құрылғының арқасында дәрігерлер жүрек-қан тамырларындағы дерттерді дер кезінде анықтап, инсультті емдеудің тиімді әдістерін қолдануда.   Айта кетсек, заманауи үлгідегі аппарат АҚШ-тан әкелінген. Бұл тек жүрек қан тамырларының ауруын ғана емес, сонымен қатар ми, өкпеге қатысты ауруларды да анықтайды.   Құрылғы қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүрек қан тамырларының зақымдану деңгейін байқауға, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға жағдай жасайды.