Панама туы ілінген Houei Crystal жүк кемесі Жапон теңізіне батып кетті. 17 экипаж мүшесі құтқарылды, біреуін іздеу жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Апат туралы дабыл Жапонияның батысындағы Шимане аймағындағы жағалауынан түскен.
Өңірге жапондық жағалау күзетінің фрегаттары жіберілді.
Мәліметтерге сәйкес, жүк тасымалдаушы Окиносима аралынан солтүстік-шығысықа қарай 380 шақырым жерде суға батып кеткен.
Оңтүстік Кореяның жағалау күзеті кемелері аймаққа келіп, құтқару қайығынан 17 экипаж мүшесін тапты.
Жоғалған экипаж мүшесін іздеумен Жапонияның жағалау күзеті айналысуда.
Бортында 8 тонна көмірі бар кеме Ресейдің Находка портынан Жапонияның орталық бөлігіндегі Кинуура портына бет алған. Айта кетейік, барлық экипаж мүшелері Вьетнам азаматтары.