ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елден қазақстандық картопты шығаруды шектеу мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биыл Ресейде егін жинау 8,3%-ға аз. Көршілер бізден картоп сатып алуда. Сондықтан біз қыс мезгілінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін үш айлық шектеуді қарастырамыз», деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.
Сондай-ақ ол Қазақстанда биыл картоп түсімі бұрынғыға қарағанда 100 мың тоннаға аз жиналғанын айтты.
Егер көрші елдер басқа нарықтарды тауып, қыста және көктемде бағаның өсуі қаупі болмаса, онда картоптың экспорты шектелмейді.