• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2021

Мектеп оқушысы мерт болды

508 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында мектеп оқушысын көлік қақты. 2006 жылы дүниеге келген жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға үшінші желтоқсан күні іңірде болған. Жол талғамайтын автокөліктің 32 жастағы жүргізушісі Пацаев көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншіні өткізбеген. Бала сол жерде мерт болған. Қазір ҚР ҚК «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалған.