• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2010

МӘСКЕУДЕ ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

571 рет
көрсетілді

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қар­са­ңында Қазақстан Республика­сы­ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Зау­ыт­бек Тұрысбеков Мәскеуде тұра­тын қазақстандық соғыс ардагер­ле­рімен кездесті, деп хабарлады ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметі. Елші Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың атынан мейман­дарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, барлық қатысушыларға ризашылық және құрмет сөздерін айтты. Осы ретте ол қазақстан­дық­тардың ортақ Жеңіске қосқан үле­сін ерекше атап көрсетті. “Сіздер­дің ерліктеріңіз бен өрліктеріңіз, Отанға алғаусыз беріл­гендіктеріңіз кейінгі ұрпақ тәрбие­сі­нің берік негізі, Отанға деген сүйіс­пен­ші­ліктің ерен үлгісі болып табы­ла­ды”, – деді өз сөзінде З.Тұрысбеков. Ардагерлерге ескерткіш сый­лықтар табыс етілді. Қазақстанның Ресейдегі елші­лі­гі сондай-ақ “ҚазМұнайГаз” Ұлт­тық компаниясының ықпалымен “Жеңіс мұрагерлері” шарасы шең­берінде Астана мен Мәскеу қала­ла­ры арасында телекөпір ұйымдас­тырды. Мұнда қазақстандық және ресейлік ардагерлер арада 65 жыл өткен соң бір-бірімен жүздесуге мүмкіндік алды.