Тбилисиде бірнеше мың адам «ковид төлқұжат» туралы жаңа жүйеге қарсылық ретінде наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Грузияның бірнеше мың азаматы адамның коронавирусқа қарсы мәртебесін анықтайтын «Жасыл төлқұжаттар» жүйесін енгізуге наразылық білдіріп, Тбилиси астанасының орталық даңғылдары бойымен шеру өткізді.
«Жасыл төлқұжат» немесе «ковид-паспорт» - азаматтың ковид-мәртебесі туралы мәліметтер енгізілетін электрондық құжат саналады. Оған вакцинацияның толық курсынан өту, аурудың мерзімі, ПТР-тест нәтижелері топтастырылған. Грузияда «жасыл төлқұжаттар» жүйесі 1 желтоқсаннан бастап жұмыс істей бастады. Енді қоғамдық орындарға, мейрамханаларға, ойын-сауық және сауда орталықтарына тек QR-кодпен баруға болады.
Акцияға қатысушылар жаңа жүйені енгізуді «дискриминация және вакцинацияға мәжбүрлеу» деп санайды.
Наразылық білдірушілер билік төлқұжат түрін жойғанға дейін наразылықты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.