• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 06 Желтоқсан, 2021

Елбасы: «Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – адам»

1324 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында еліміздің басты құндылығын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, бүгінде дербес мемлекетке айналды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Ал тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылығы – сіз бен біз.

«Мемле­ке­тіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан хал­қы. Мен бойымдағы қуат, қыз­ме­тімдегі тәжі­рибе, ойымдағы нәр – бәрі-бәрін хал­қыма қыз­мет етуге жұмсап келемін», деп жазады Елбасы өзінің мақаласында.

Ол, сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы атажұртын аңсап келген қандастарымыздың Қазақстанға оралу маңыздылығына тоқтала кетті.

«Сол үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері тағ­дыр талайымен дүниенің төрт бұрышына тарыдай ша­шыл­ған миллионнан астам қан­да­сымызды атамекенге алдырдым. Бұл айтар ауызға ғана оңай. Жер бетінде халқының саны миллионға жетпейтін қан­шама мемлекет бар. Біз осыншама қандасымызды шетелдерден алдырып қана қоймай, басына – баспана, өзіне – жұмыс, ұрпағына білім бердік. Бұл іс әлі де жалғасын таба береді. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасында ғана мүмкін болғанын ұмытпауымыз керек», дейді Нұрсұлтан Назарбаев.