ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 6 желтоқсандағы мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтіп, «қызыл» аймақта ешбір өңір қалмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.