• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 06 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық – Нұрсұлтан Назарбаев

1323 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында тәуелсіздікке оңай жолмен қол жеткізбегенімізді, оны қастерлеу керектігін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«XX ғасыр басында Алаш қайраткері Ахмет Байтұр­сын­ұлы «Әлхамдүллә, алты миллион халықпыз» деген екен. Пат­шалық Ресейдегі 1913 жылғы ресми санақ бойынша Дала өл­кесінде, Түр­кістан өлкесіндегі қазақтарды қоспа­ған­да, 5 миллион 597 мың халық тұрған. Де­мек Ахаңның айтып отырғаны – күмән келтірмейтін ақиқат. Ал арада жар­ты ғасырдай уа­қыт өткенде КСРО-да 1959 жылы өткізілген санақта Қазақ­стандағы қазақтардың саны 2 миллион 787 мыңға дейін кеміп, республика хал­қының небәрі 30 пайызын ғана құраған.

Мен 1989 жылы республи­камыздың бірінші басшысы болып сайландым. Дәл сол жылы өткізілген КСРО-ның ең соңғы халық санағының деректері бо­йынша Қазақстандағы қазақ­тардың үлес салмағы небәрі 40,1% ғана еді.

Азат еліміздің жастары тәуел­сіздікке барар жолдың қан­дай азапты болғанын, қандай құр­бандықтар мен сынақтар – 1916 жылғы ұлт-азаттық көте­ріліс, азамат соғысы, ашар­шы­лықтың алапат екі толқыны, қуғын-сүргін мен реп­рес­сия­лар, Ұлы Отан соғысы, тың иге­ру жыл­дарындағы жаппай қоныс аудару­дың зардабы арқылы жеткенімізді білуі керек. Мұның өзі өткен тарихты қастерлеп, одан сабақ алу үшін қажет. Менің «Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық» дейтінім осыдан», дейді Қазақстанның тұңғыш Президенті.