ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оған сәйкес, 4 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан көз жұмған. Өңірлер бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында - 4 науқастан.
Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің бірқатар өңірінде қайғылы жағдайлар болған. Тек Шымкент қаласы мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.