• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2021

Жарым көңіл балаларға барды

150 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқи­ға­сының 35 жылдығына орай өтіп жатқан «Пат­риот­тық рух – басты құндылық» жобасы аясында Алматы қаласындағы желтоқсандықтар балалар үйлерінде қайы­рым­дылық шараларын жалғастырып жатыр.

Желтоқсандықтар алдымен Медеу ауданында орналасқан «Жанұя» балалар үйіне барды. Мұнда дамуында ауыт­қу­шылығы бар 100-ге тарта бала тәрбиеленіп жатыр екен. Желтоқсаншы аға-апаларымен кездесуге бірнеше топтың балалары қатысты. Қалған балалар аптасына 3 рет баратын спорттық жаттығуда көрінеді. Шараға келген желтоқсаншы аға-апаларының әңгімесін ынта қойып тыңдаған балалар қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық әңгімеге араласып отырды. Тіпті өлең оқып, ән айтқандары болды. Өзін Бориспін деп та­ныс­тыр­ған бала қазақшаны ана тілі ретінде меңгергенімен мақ­танса, Настя қазақша ән шырқады. Балаларға тәттілер, ойыншықтар, қажетті оқу құ­рал­дарын сыйлаған жел­тоқ­саншылардың өздері де жақсы көңіл күймен тарқасты.

Ал «Перзент» отбасылық балалар үйіне барған жел­тоқ­сан­дықтар иманды бал­дыр­ғандарды көріп тәнті болды. Кіп-кішкентай балалардың әртүрлі ұлт өкілі болса да қа­зақша сайрап, Құранды оқы­ған­да риза болмайтын жан болмас сірә. Тіпті кішкене баланың оқыған Құранына риза болған арабтар Әмина апаға мешіт салып беруге ке­лі­сіпті. Бүгінде мешіттің құ­рылысы басталған екен.

Балаларға сүйсінген жел­тоқ­саншы Әріп Қабланов: «Кіш­кентай баланың оқыған Құранына көңілім толқып, көзіме жас алдым. Біздің қо­ғамда мұндай тастанды бала­лар болмауы тиіс қой. Өкі­ніш­ке қарай бар болып тұр. Әмина апаның сонша баланы бауырына басып, иманды етіп тәрбиелеп отырғаны – үлкен ерлік. Олар бізден емес, біз олардан тағылым алып қайтқандаймыз», деген риза­лы­ғын білдірді.

Тағылымды шараларды Ал­маты қаласы қоғамдық даму басқармасының қол­дауы­мен Халықаралық «Жан­а­шыр» қо­ғам­дық қоры ұйым­дас­тыр­ды.

 

АЛМАТЫ