• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Желтоқсан, 2021

8 мыңнан астам жүкті әйел Pfizer вакцинасын алды

184 рет
көрсетілді

Қазақстанда сегіз мыңнан астам жүкті әйел Pfizer екпесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 6 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 795 168 адам, екінші компонентін 8 203 255 адам алды. 

Жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар арасында 6 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының️ I дозасын 137 854 адам, ІІ дозасын 1 229 адам салдырды. 

І компонент: 

Жасөспірімдер – 110 337  Жүкті әйелдер – 8 097  Бала емізетін әйелдер – 19 420. 

ІІ компонент: 

Жасөспірімдер – 881  Жүкті әйелдер – 102  Бала емізетін әйелдер – 246.