Ирак ішкі істер министрлігінің қызметкерлері лаңкестікке қарсы операция жүргізді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Лаңкестікке қарсы арнайы операция Сириямен шектесіп жатқан Эль-Фаллуджа және Бағдаттан солтүстікке қарай 400 шақырым жерде орналасқан Мосул қалаларында жүріп өтті. Оның барысында полиция қызметкерлері 84 содырдың көзін жойған. Полиция генералы Махди аль-Гаррави Мосул қаласында 449 экстремист тұтқындалып, 21 миналанған автокөлік залалсыздандырылғанын, сондай-ақ ірі көлемде қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш зат тәркіленгенін мәлімдеді.
Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, Эль-Фаллуджағы лаңкестікке қарсы операция барысында 10 лаңкестің көзі жойылған.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Dosug.mg.