Қазақ арулары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Фируза Шарипова кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінде әлемнің абсолютті чемпионы атануға күш салады. Жеңіл салмақтағы ауыр шайқастың қай күні, сағат қаншада өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні Ливерпуль рингінде әлемнің абсолютті чемпионы, ирландиялық Кэти Тейлор мен отандасымыз Фируза Шарипова шаршы алаңда кім мықты деген сауалға жауап іздейді. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен түнгі 03.00-ге жоспарланған. Бұған дейін екі боксшы бір-бірі жайлы пікірлерімен бөліскен болатын. Тіпті, Тараз қаласының тумасы Фируза Шарипова қарсыласын нокаутқа түсіретінін айтып, мәлімдеме жасағаны да есте. Енді сол уәдесін орындаса, шіркін!