Жамбыл облысында 7 мыңға жуық қыстау бар. Олардың бәрі қысқа дайын. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жамбыл облысында жалпы мал басын есептегенде 1,5 миллион тоннадай шөп керек, қазіргі таңда біздің жинағанымыз 1,8 миллион тонна. Жамбыл облысында 7 мыңға жуық қыстаулар бар. Олардың бәрі әкімдердің бақылауында. Қазіргі таңда өңірдегі қыстақтарда айтарлықтай мәселелер жоқ.
Биылғы қуаңшылық Жамбылдық шаруаларға да оңай тиген жоқ, бірақ біз өзімізді жем-шөппен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар», деді өңір басшысы.