ИИДМ баспасөз қызметі келесі аудандарда тіркелген жеңіл автокөлік иелері ақылы жолдарда жеңілдікпен жүре алатындығын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
1. «Қапшағай – Талдықорған» жолында - Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары, сондай-ақ, Талдықорған қаласы;
2. «Тараз – Қайнар» жолында - Қордай, Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ аудандары;
3. «Шымкент – Тараз» жолында - Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары;
4. «Шымкент – Қызылорда» жолында - Кентау, Сауран, Ордабасы, Байдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары;
5 «Шымкент – Ташкент» жолында - Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары;
6. «Щучинск – Көкшетау» жолында - Бурабай, Зеренді аудандары, Щучинск қаласы;
7. «Нұр-Сұлтан – Павлодар» жолында - Целиноград, Ерейментау аудандары, Екібастұз және Ақсу қалалары.