• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2014

Сексеуілдің де сұрауы бар

243 рет
көрсетілді

Мойынқұмдағы қар мен аяз сексеуілдерге де сор болды. «Сек­­­­­сеуіл-2014» жедел алдын алу іс-шаралары барысында Құша­­­ман ауылының тұрғыны Ернар Бұ­зау­баев ұсталды. Ол жас сексе­уіл­дер­ді ешқандай рұқсат құжат­сыз ат-шанаға тиеп алып келе жатыр екен. Мемлекеттік нөмірі жоқ «ГАЗ-53» маркалы автокөлігінің қора­бына 3 текше метр сексеуіл артқан жүргізушісі Ерлан Бекбосынов та өз әрекетін «ұрлық емес» деп айта алмады. Мемлекеттік нөмірі Н 064 ЕDМ «ЗИЛ-131» маркалы автокөлігіне 4 текше метр сексеуіл өскіндерін тиеп алған Владимир Коноваловтың «кәсібі» де заңсыз болып шықты.  Сондай-ақ, мемлекеттік нөмірі Н 532 NКМ «ГАЗ-53» маркалы автокөлігіндегі 3 текше метр ба­лау­са сексеуілдердің жастай сол­ған «тағдыры» да осыған ұқсас. Бұл автокөліктің жүргізушісі Ел­жан Аханов та құқық қор­­­ғау­­шылар алдында адал еңбек етіп жүр­генін айтып, ақтала алмады. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы, Мойынқұм ауылы.