• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экология 08 Желтоқсан, 2021

«Жасыл ел» бастамаларын қолдау маңызды

562 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақ­­тары кеңесінің басшысы Әлия Назарбаеваның төраға­лығымен осы кеңестің ІІ отырысы өтті. Іс-шара ұйымның XVII жұмыс маусымының жабылуы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығын мерекелеу аясында өткізілді.

Жиында «Жасыл ел» ұйы­мының биылғы жылғы жұ­мыс қорытындылары мен алда­ғы жылдың мақсаттары тал­қыланып, шешімін күткен түйткілді мәселелер қаралды. Кеңес төрағасы Әлия Назар­баеваның айтуынша, 2021 жылдың 5 сәуірінде өткен Кеңес­тің І отырысынан ке­йін ұйымның алдында Шым­кенттегі «Жасыл ел» қызметін қаржыландыру және «Жасыл елдің» медиа бойынша жұ­мысын күшейту міндеті тұр­ды. Әлия Назарбаева екі тап­сырманың да ойдағыдай орын­далғанын баяндап, аймақ­тық штаб өкілдеріне атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ төраға ұйымның «Балапан» телеарнасымен бірлесіп «Жасыл ел» мультфильмін түсіру қыз­метін жоғары бағалады. «Біріншіден, атқарылған жұ­мыстар үшін аймақтық штаб­тарға алғыс айтқым келеді. Кеңестің бірінші отырысы­ның қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы «Жасыл ел» штабының жұ­мысына бюджеттік қаражат бөлу және ұйымның қызметін медиасалада насихаттау мін­деттері алға қойылған болатын. Осылайша, қазір «Балапан» телеарнасында табиғатты қор­ғауға арналған Jasyl el ани­мациялық фильмдері көр­сетілуде. Бұл арқылы біз балалармен қатар ата-аналарын да қамтимыз. Екіншіден, жоба балалардың санасында экологиялық әдеттердің қалыптасуына әсер етеді. Бала кейіпкерлердің оқиғаларын бірге бастан кешіреді, шешім табуды үйреніп, эмоционал­ды интеллекттері дамиды», деді ол.

Төраға сондай-ақ Jasyl el атты жаңа ағаштарды онлайн отырғызу жобасының бас­талғанын атап өтті және аталған жобаға әкімдіктер тарапынан ақпараттық-ұйым­дастырушылық қолдау қажет екенін айтты. Сонымен қа­тар Ә.Назарбаева Кеңес мү­ше­лерін, кәсіпкерлерді, қо­ғам қайраткерлерін және Қазақ­станның экологиялық ұйым­дары қауымдастығының се­ріктестерін жобаға қатысуға шақырды.

«Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі Азамат Данияр  Қазақстанның таби­ғатты қорғау ұйымдары қауым­дастығымен бірігіп ұйым­дастырған Stopmusor әлеу­меттік жобасы туралы айтты.

Батыс Қазақстан об­лы­сындағы «Жасыл ел» шта­бының басшысы Аслан Тә­пішев Қазақстан бойынша барлық штабтардың биыл­ғы жұмыс қорытындыларын баяндады. Жалпы алғанда, климаттық аймақтарға байланысты 28 021 түп ағаш кө­шеттері отырғызылды, ал жалпы жұмыс атқарылған жер аумағы 5 508,8 гектарды құрады. Сонымен қатар Ақтөбе облысының штабы 7 орман тәлімбағында қо­сым­ша 2 миллионнан астам көшет отырғызды.

Кеңес төрағасы Әлия На­зарбаева «Жасыл ел» штаб­тарының жүзеге асырған жобаларымен қатар түйткілді мәселелерді шешу талпыны­сына да оң баға берді. Төраға­ның пікірінше, барлық өңір­лер­дегі жұмыстың ашықты­ғын қамтамасыз ету үшін «Жа­сыл ел» жүйесін заңнама­лық деңгейде орталықтандыру қа­жет.

«Жасыл ел» жасақтары­ның қазіргі жұмыс жүйесі жастар саясатын жүзеге асыруда және қоршаған ортаны қорғауда қоғам, мемлекет және үкімет­тік емес сектор арасында­ғы ынтымақтастықтың тамаша үлгісі болып табылады. Бірақ шешімді қажет ететін мәселелер де бар. Бұл үшін бірыңғай басқару жүйе­сін жаңартып, жұмыс жүйесін цифрландыру қажет. Кеңес мүшелерін «Жасыл елдің» орталықтандырыл­ған жүйесін заңнамалық деңгей­де қалыптастыруға көмектесу­ді сұраймын», деді Әлия На­зар­баева.

Бұл орайда Мәжіліс депутаты, «Жасыл ел» Кеңесінің мүшесі Елдос Абақанов «Жа­сыл ел» жастар еңбек жа­сақ­тарының республикалық шта­бын Қазақстан Респуб­ликасының нормативтік құ­қықтық актілеріне енгізу мә­селесін қарастыруды ұсынды.

Жиын соңында Кеңес төр­ағасы Әлия Назарбаева «Жасыл ел» облыстық шта­бының үздік өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жа­­сақтары – экологиялық жо­ба­лар мен мемлекеттік бағ­дар­ламаларды жүзеге асыру ар­қылы жастарды маусымдық жұмыспен қамту, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеумен айналысатын қозғалыс. Қоз­ғалыс 2005 жылы Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.