• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Желтоқсан, 2021

АҚШ Ираннан алынған мұнайды 26,7 миллион долларға сатты

242 рет
көрсетілді

Араб теңізінде америкалық флот басып алған Иран мұнайы 26,7 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ираннан алынған мұнай сот шешіміне сәйкес сатылды. Түсімнің жалпы сомасы 26,7 млн долларды құрады, ол АҚШ-тың терроризм құрбандарына көмек қорына жіберілуі мүмкін», делінген АҚШ Әділет министрлігінің таратқан хабарламасында.

ТАСС хабарлағандай, сатылған мұнай көлемі 1,1 млн баррельді құрады.

АҚШ Әділет министрлігі теңіз операциялары қашан жүргізілгенін хабарламады. Мұнай Венесуэлаға жіберілген төрт танкерден тәркіленгені атап өтілді.