Жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов АҚШ спортшысы Дастин Порье мен бразилиялық Чарльз Оливейра арасындағы шайқасқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен Дастин Порье жеңіске жетеді деп ойлаймын. Ол – жүрегі бар жауынгер. Әлбетте, Чарльз өте қауіпті қарсылас. Дәл қазір Оливейра нағыз чемпион. Тоғыз кездесуді қатар жеңгені, Тони Фергюсонды ұтқаны бәріміздің жадымызда. Менің ойымша шайқас тартысты әрі қызық болады. Әйткенмен мен Дастин жеңісті жұлып алатындығына сенемін», дейді ресейлік спортшы.
Естеріңізге сала кетейік, Чарльз Оливейра мен Дастин Порье 11 желтоқсан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 269 турнирі аясында сегіз бұрышта кездеседі.