Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Дариға Назарбаева көрші мемлекет басшысына қор жұмысының бағыттары туралы айтып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы музейінің жұмысымен таныстырды», деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 5 желтоқсанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.