Нигерияның ең үлкен қаласы Лагостағы жүк көлігінің жүргізушісі мектептің 17 оқушысын қағып кетті. Бұл туралы сәрсенбі күні Vanguard газеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Басылым мәліметіне сенсек, оқиға сейсенбі күні болған. Әртүрлі жарақат алған оқушылардың саны әлі нақтыланған жоқ.
Ашулы тұрғындар тәртіп сақшылары ұстаған жүргізушіні өздері жазаламақ болған.
Ал жүк көлігі өртеніп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, оқиға жүк көлігі жүргізушісінің рөлге ие бола алмай қалуынан болған.