• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 08 Желтоқсан, 2021

Фьюри мен Усиктің промоутерлері келісімге келе алмады

181 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Тайсон Фьюриді міндетті қарсылас Диллиан Уайтпен жекпе-жек өткізуге міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін WBC чемпион мен міндетті қарсылас арасындағы еркін келіссөз жүргізу уақытын бастады. Соған сәйкес ұлыбританиялық боксшылар жуық арада келісімге келу жағын жедел ойластырулары керек. Фьюри-Уайт шайқасын жанкүйерлер күтіп отыр», делінген бүкіләлемдік бокс кеңесі таратқан ақпаратта.  

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бүкіләлемдік бокс кеңесі Тайсон Фьюри мен украиналық Александр Усиктің командасына әлемнің абсолютті чемпионын анықтау үшін келіссөздерге бір ай уақыт берген болатын. Алайда екі боксшының промоутерлері келісімге келе алмады. Одан бөлек, тағы бір ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа Александр Усиктен міндетті қарымта кездесуді талап етті.

Енді Тайсон Александр Усикке амалсыз: «Қош бол, Саша көргенше, Уайтты жеңіп келгенше» деуге мәжбүр болып отыр.