• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Желтоқсан, 2021

Қарапайым дәрігер президент болып сайланды

328 рет
көрсетілді

Швейцарияны 2022 жылы 60 жастағы Игнацио Кассис басқаратын болды, деп жазады Egemen.kz.

Швейцария парламентінің шешімімен 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кассис қазіргі басшы Пармелинді ауыстырады. 

Кассис – білімі бойынша дәрігер. Кезінде ол Швейцария Ұлттық кеңесінің мүшесі және елдің Медициналық қауымдастығының вице-президенті болған. 2017 жылы Сыртқы істер министрлігінің басшысы қызметін атқарды. Неміс, француз және итальян тілдерін еркін меңгерген.