• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2014

Келісімшарт жобасы тал­қылануда

278 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының бүгін соңғы күні. Кеңес жұмысы бұрнағы күні басталған болатын. Оған Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысуда. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, үш күнге ұласқан кеңес отырысында негізінен Еу­ра­зия экономикалық одағын құ­ру туралы келісімшарт жобасы тал­қылануда. Бұл жөнінде кеше журналистермен өткізген брифингте Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. «Бүгінгі таңда біз Еуразия эко­номикалық одағы туралы келісім­шарттың негізгі бағыттары бойын­ша кезеңдік және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық негізінде интеграциялық про­цестерді дамыту қажеттігі туралы жалпы түсінік бар деп айта аламыз», деді Б.Сағынтаев. Премьер-Министрдің бірінші орын­басары сондай-ақ, мұнда жалпы ал­ғанда институттық және функциялық бағыттар қаралып жатқанына тоқ­талды. Негізгі көп ұсыныс айтылып, көп талқылауға түскені қазіргі функ­циялық жағдай болып отыр, дей келе, отырыстың қатысушылары келі­сім­шарттың функциялық бөлігі, яғни сауда саясаты туралы ереже, салық саясаты, қаржы секторы, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіптік саясат туралы мәселелер жан-жақты талқылағанын атап өтті. «Сарапшылар арасында келіспеу­шілік тудырған сауалдарды кеңес дең­гейінде талқылай бастадық», деп толықтырды Б.Сағынтаев. Кеңесте қамтылған тағы бір мә­се­ле – Арменияның Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңіс­тік­ке кіру жөніндегі желтоқсан айын­да жасалған жол картасы болып отыр­ғанын да айтып өтті. Бүгінгі күні сол жол картасының елу пайызы Армения тарапынан орындалған. Ал олар өздеріне алған міндеттерін биылғы жылдың мамыр айына дейін орындай­мыз деген ұсыныс айтып отыр, дейді Б.Сағынтаев. Айтып өтсек, бұл кеңеске Кеден одағындағы үштік елмен қатар Армения өкілдері де қатысып жатқан болатын. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар