• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 10 Желтоқсан, 2021

30 жыл бұрын Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып өзгерді

6268 рет
көрсетілді

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі «Тарихта осы күні» айдарымен әлеуметтік желілерде халық сайлаған елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берген тарихи дата – 1991 жылғы 10 желтоқсан күніне арналған бейнеролик жариялады.

Осыдан тура 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-нің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің мемлекеттік шекаралары нақты белгіленді. Қоғамда бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартты», делінген бейнероликте.

Кедейлік деңгейі 10 есе, яғни 46,7-ден 4,6%-ке дейін қысқарды. $400 миллиард тікелей инвестиция тартылды. Бұл – Орталық Азия елдеріне келетін барлық инвестиция ағымының 75%-тен астамы.

«170 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылды. 1400 жаңа денсаулық сақтау нысаны, 1800-ден астам жаңа мектеп пен 900 балабақша ашылды», деп атап өтті партияның баспасөз қызметі, Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып.