Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында елдің алдағы кезеңдегі сыртқы саяси басымдықтары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
– Украинадағы жағдай елдердің ТМД аясындағы өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер етеді және Кеден одағы мемлекеттеріне жанама қатысы бар. Мен ең таяу уақытта байсалды пікір алмасып, қазіргі жағдайдағы қауіпті үдерістердің белең алуына жол бермеу жөніндегі шараларды талқылайтын кездесу өткізу туралы ұсыныс енгіздім, – деді Қазақстан Президенті.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.