ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бейнебайланыс форматында өтіп жатқан іс-шараға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысуда.
Отырыс барысында Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылауда.
Айта кетерлігі, Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады және төрағалық Қырғыз Республикасына өтетін болады.