• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Желтоқсан, 2021

13 жастағы қазақ тенисшісі Tennis Europe кубогын жеңіп алды

822 рет
көрсетілді

Қазақтың жас чемпионы, тенисші Заңғар Нұрланұлы Ослода өтіп жатқан 14 жасқа дейінгі Clarksons Platou Norwegian Open турнирінде Tennis Europe кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 жасар Заңғар Нұрланұлы чемпионаттың барлық сатыларынан сүрінбей өтті. Сүйінші жаңалықпен Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің кеңесші уәкілі Талғат Жұмағұлов әлеуметтік желіде бөлісті.

Ол финалда француз теннисшісі Ленни Кутурьеден 4-6; 6-0; 6-3 есебімен басым түсті.