• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2021

50 адам темір торға тоғытылды

517 рет
көрсетілді

Өскемен шаһарында пробациялық бақылаудан бас тартқан 50 адам темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне зер салсақ, «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.

Сол іс-шара шеңберінде Өскемен қалалық пробация қызметінің мамандары тұрғылықты мекенжайы бойынша есепте тұрған 140-тан астам істі болған адамдарды зерделеген. Нәтижесінде инспекторлар пробациялық бақылау тәртібін бұзғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Талап қатаң ескертілген.

Ережені сақтамаған жағдайда жаза түрі бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы нақты айтылған.

 «35 жастағы Өскемен тұрғыны сот шешімін орындау туралы талаптарды бірнеше рет елемеген. Пробация қызметіне кезекті тіркеуге келмеген оның достарымен қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені анықталды. Соған сәйкес, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін тиісті материал сотқа жіберілді», деді Пробация қызметі басқармасының басшысы Мақсат Манарбеков. Жалпы жыл басынан бері ережені бұзған 50 адам түрмеге тоғытылған екен.