Екі салмақ дәрежесіндегі чемпион Аманда Нуньес Лас-Вегаста өткен UFC 269 турнирінде сенсациялық жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
33 жастағы файтер бұған дейін жеңіл салмақтағы белбеуін қорғап, қатарынан 12 рет жеңіске жеткен еді. Оған қоса, жеңіл салмақ дәрежесінде титулын сақтап қалды. Бұл оның 2021 жылдың басынан бергі екінші жекпе-жегі.
Алайда екінші раундта 32 жастағы америкалық Джулианна Пенья абсолют фаворит Нуньесті қылғындыру әдісімен жеңіп кетті. Осылайша, жекпе-жек ешкім күтпеген нәтижеде аяқталды.