• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Желтоқсан, 2021

Жамбылдықтар жарады

239 рет
көрсетілді

Еркін күрестен Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан чемпионатында Жамбыл облысының командасы ең үздік нәти­же көрсетті. Олар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальды олжалады.

Қасиетті Әулие-Ата топырағынан келген балуандар арасынан аса жеңіл салмақтағы Рахат Қалжанның асқан шеберлігіне тәнті болдық. Барлық бәсекелестерін сыпыра ұтқан ол шешуші тұста алматылық Мерей Базарбаевтан басым түсті. Сол секілді би­ыл ғана алыптармен айқасуға бел буған Әлішер Ерғалидің де екпініне ешкім шыдай алмады. Биыл Токио Олимпиадасына қатысқан қандасымыз ақтық сында Шығыс Қазақстан облысының өкілі, Азия чемпионы Олег Болтинмен айқасуға тиіс еді. Алайда жарақатын желеу еткен қарсыласы боз кілемге шығудан бас тартты.

Ал өзге салмақ дәрежелерінде талды­қорғандық Ақбар Құрбанов (61 кило), нұр­сұл­­тандық Санжар Досжанов (65 кило), аты­раулық Сырбаз Талғат (70 кило), солтүстік­қазақстандық Нұрқожа Қайпанов (74 кило), маңғыстаулық Жігер Зәкіров (79 кило), өскемендік Азамат Дәулетбеков (86 кило), алматылық Әділет Даулымбаев (92 кило) және павлодарлық Мәмед Ибрагимов (97 кило) сынды саңлақтар ел чемпионы атанды.