• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Хоккей 13 Желтоқсан, 2021

Қазақстанның жас хоккейшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады

209 рет
көрсетілді

Хоккейден 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында 1 дивизиондағы әлем чемпионатын Қазақстан командасы сәтті бастады, деп жазады Egemen.kz.

Алғашқы ойында Қазақстан командасы венгриялықтармен кездескен болатын. 

Кездесуде біздің спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапынан Абай Маңғысбаев, Всеволод Логвин және Дмитрий Колодюк көзге түсті.