FIDE Халықаралық шахмат федерациясы блиц пен рапид бойынша әлем чемпионатын Польшада өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске сала кетсек, өткен аптада Қазақстандық шахмат федерациясы FIDE-ге әлем чемпионатын қабылдай алмайтынын хабарлады.
Жарыс өткізу орнының ауыстырылу себебі Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирусқа қарсы шектеулер болды, соған сәйкес спортшылар бір апталық карантиннен өтуі керек еді.
Енді блиц пен рапид бойынша әлемдік біріншілікті Варшава қабылдайтын болады. Ол 25-31 желтоқсан аралығында өтеді.