Швейцарияның Ньон қаласында өткен футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңінің жеребесі қайтадан тартылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иә, чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімінде Ұлыбританияның «Манчестер Юнайтед» командасы Францияның «ПСЖ» футбол клубына ереженің бұзылуы салдарынан қарсылас атанған. Андрей Аршавиннің испаниялық «Вильярреал» командасына қарсылас таңдау сәтінде қателік кетіп, салдарынан ағылшындық клуб «Атлетикоға» емес, «ПСЖ» футбол клубына түскен. Бұл жағдайға футбол фанаттары наразылық білдірді.
Испаниялық «Атлетико» мен «Вильярреал» футбол клубтары осы жағдайға байланысты наразылық хатын жолдаған. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайтынын түсінген УЕФА басшылығы жеребе тарту рәсімін қайта өткізуге келісім берді.