• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Желтоқсан, 2021

Венгрияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды

430 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі Мажарстан почтасымен бірлесіп, құрметті консулдың қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркасын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Венгриялық пошта маркасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Пошта маркалары елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый өнімдері ретінде пайдаланылатын болады.

Алғашқы мерейтойлық даналар үкімет, ғылым және мәдениет өкілдеріне, Венгрияның қоғам қайраткерлеріне, сондай-ақ жергілікті коллекционер-филателистерге беріледі.

Айта кетсек, мерейтойлық марканың шығарылымын іске асыру кезінде Венгрия почтасының стандарттары ескерілді.