• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2021

Ақтаулық кәсіпкер желтоқсан қаһарманына пәтер сыйлады

326 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында желтоқсан қаһарманы, «Бауыржан Момышұлы «Батыр Шапағаты» медалінің иегері  Айтжанова Айша Тұяқбайқызы баспаналы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтаудағы жаңа шағын аудандардың бірінде орналасқан жаңа үйдегі екі бөлмелі пәтерді ақтаулық жаны жомарт кәсіпкер сыйлады.

70 жасқа таяп қалған батыр ана бүгінгі Тәуелсіз елдің ұрпақтарының тосын сыйы үшін ерекше қуанып, батасын берді.

Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрып, төгілген қан мен өлмеген жігердің отымен келген ұлы күнді қастерлеу - бүгінгі ұрпаққа аманат екенін жеткізіп, барша қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.