«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы» КЕАҚ мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін БҰҰ сыйлығына ие болды, деп хабарлады Egemen.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің фейсбуктегі жазбасына сілтеме жасап.
«Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін БҰҰ сыйлығына ие болған «Азаматтарға арналған үкіметтегі» әріптестерімді құттықтаймын. Бұл – күллі ұжымның адал еңбегінің жемісі.
Халыққа инклюзивті және тең құқықты қызметтер ұсынудағы озық тәжірибе мен инновациялар үшін марапатталған Мемлекеттік корпорация – мұндай мәртебелі марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық ұйым. Еңбектеріңіз еленіп, жана берсін, әріптестер!», деп жазды Бағдат Мусин.