• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 14 Желтоқсан, 2021

Junior Eurovision-нің ашылуы делегациясыз өтті

270 рет
көрсетілді

Әлемде коронаавирус инфекциясын жұқтыру деректерінің көбейгеніне байланысты Junior Eurovision-2021 балалар байқауының ашылу салтанаты делегациясыз өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Tele-Loisirs порталы хабарлағандай, биыл балалар байқауына 19 делегация қатысады оның ішінде Қазақстаннан келген қатысушылар да бар.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараға 3 мың адам жиналды. Алайда, коронавирустың жаңа штамының таралуын ескере отырып, ұйымдастыру комитеті санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын қабылдады.

«Ашылу салтанаты сақтық шарасы ретінде қысқартылды. Бірақ біз шоудың өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағымыз келеді. Біз 13 желтоқсанда барлық делегациялар бір жерге көптеген өткелдер мен байланыстармен келген кезде тәуекелге барғымыз келмеді. Сондықтан ашылу салтанаты делегациясыз өтті, бірақ «YouTube» арнасында және балалар Евровидениесінің сайтында тікелей эфирде көрсетілді», дейді ұйымдастыру комитетінің өкілі Александра Редде-Амиэль.

Қазір Junior Eurovision продюсерлері 19 желтоқсанда өтетін үлкен финалға дейін қалған жұмыс тәртібін анықтайды.