Қазақстанда коронавирустан және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 14 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 желтоқсандағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 68 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 103 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап ауырғандар саны - 83505, 5191 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 75593 жетті.