2021 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан «қызыл» аймақтан шықты.
«Сары» аймақта: Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Еске сала кетейік, 14 желтоқсандағы мәлімет бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы «сары» аймақта тұрған болатын.