• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Желтоқсан, 2021

Шымкент әуежайына «жарылғыш зат қойылды»

249 рет
көрсетілді

Шымкент әуежайына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 15 желтоқсанда таңертең болған. Белгісіз біреулер Шымкенттегі әуежайға «бомба қойылғанын» хабарлаған.

Куәгерлер арнайы қызмет пен құқық қорғау органдары оқиға орнына келіп жатқаны түсірілген видео жариялады. Кадрларға қарағанда, әуежайдағы барлық қызметкер мен жолаушыларды көшеге шығаруға тура келген.

Полиция мәліметінше, қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

«Дерек Қылмыстық кодекстің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды», деп мәлімдеді көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.