• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 15 Желтоқсан, 2021

Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай Бейжіңде фотокөрме өтіп жатыр

316 рет
көрсетілді

Қытайдың халықаралық алмасу жастар орталығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шараның қонақтары Қытайдың орталық мемлекеттік органдары, академиялық топтары, ғылыми-зерттеу құрылымдары мен БАҚ өкілдері болды.

Қазақстанның Қытайдағы уақытша сенімді өкілі Мұрат Мұқышев өз сөзінде көрмеде ұсынылған фотосуреттер еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихын, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекет қалыптасуындағы тарихи рөлін, Президент Қ.Тоқаевтың ағымдағы реформаларын, Қазақстанның халықаралық проблемаларды, оның ішінде орнықты даму, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, қауіпсіздікті нығайту салаларындағы үлесін көрсететінін атап өтті.

Қытай халықаралық алмасу жастар орталығы төрағасының орынбасары Чжан Хуа фотокөрме Қытай аудиториясының ерекше қызығушылығын тудыратынын баса айтты, өйткені ұсынылған фотосуреттер Қытайдың достас көршісі - тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын барынша көрсететінін ерекше атап өтті.

Фотосуреттер шынайы эмоцияларды тудырады, серпінді өзгерістерді бастан кешіріп жатқан ел өміріндегі маңызды тарихи сәттердің көңіл-күйі мен атмосферасын ашады.

Фотокөрме 20 желтоқсанға дейін жалғасады.